Бос орындарға конкурс жариялау » КГУ "Гимназия №130 им.И.Жансугурова"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 381-59-22
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-89-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос орындарға конкурс жариялау
27
август
2022

Бос орындарға конкурс жариялау

Бос орындарға конкурс жариялау

(25.08.2022 жылғы № 205 бұйрық)


Хабарландыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына сәйкес, Алматы қаласы Білім басқармасының «І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылғы 29 тамыздан 01 қыркүйекке дейін мына қызметтер бойынша бос орындарға конкурс өткізеді:

  • Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарға тарих пәні мұғалімі 
  • Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарға көркем еңбек пәні мұғалімі
  • «Шахмат» үйірмесінің жетекшісі
  • Хореография мұғалімі

Конкурс педагог қызметкерлердің бос орнына жұмысқа қабылданудан үміткерлердің кәсіби деңгейін, олардың лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды жолдайды:

      - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      - жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      - кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      - Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      - "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      - психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      - наркологиялық ұйымнан анықтама;

- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.


Құжаттарды жолдау қажет:

электронды түрде е-mail: szh3006_

қағаз түрінде мына мекенжайға: Алматы қ., Тастақ-1 ықшам ауданы, №26а үй, «І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс: 13.00-14.00), «Қабылдау бөлмесі». 

Құжаттар 2022 жылғы 29 тамызда басталып, 2022 жылғы 01 қыркүйекте аяқталады. 

Байланыс телефоны.: 8 727 381-59-22 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: