1 сыныпқа қабылдау ережелері » КГУ "Гимназия №130 им.И.Жансугурова"
Телефон приемного:
+7(727) 381-59-22
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 265-89-09
Версия
для слабовидящих
» » 1 сыныпқа қабылдау ережелері
29
март
2022

1 сыныпқа қабылдау ережелері

Құрметті болашақ 1-сынып оқушыларының

 ата-аналары!


2022 жылғы 1 сәуірден бастап https://egov.kz арқылы бірінші сыныпқа өтініш қабылдау басталады.


Гимназияның қызмет көрсету аймағында тұратын балалар оқуға дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады.


Гимназияның қызмет көрсету аймағында тұрмайтын балалар «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 275 бұйрығының 9-7 тармағына, «Алматы қаласы гимназияларының бірінші сыныбына балаларды конкурстық негізде қабылдау туралы» Алматы қаласы Білім басқармасының 2021 жылғы 8 маусымдағы №03-1/573 әдістемелік-нұсқау хатына сәйкес КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ арқылы қабылданады.

Өтінімдер қабылдау мына мерзімде аяқталады:


2022 жылғы 01 тамыз – бекітілген аумақта тұратын балалар үшін;


2022 жылғы 13 маусым – бекітілген аумақта тұрмайтын балалар үшін.


Сұхбат түріндегі конкурстық іріктеу екі аптада бір рет (әр сенбі сайын) өткізіледі.


Орын саны шектеулі.


Бірінші сыныпқа оқуға қабылданатын баланың біліміне, қабілеті мен дағдысына қойылатын талаптар гимназия сайтында жарияланған және мектепке кіре берістегі ақпараттық стендте ілінген

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: