Болашақ 1-сынып оқушыларының ата-аналарына
Болашақ 1-сынып оқушыларының ата-аналарына
(заңды өкілдеріне) арналған ақпарат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітіліп, 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығымен өзгеріс, толықтырулар енгізілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес
9-2 тармақ.Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау
bilimalmaty.kz және egov.kz
порталы арқылы
ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап
1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласу қажет:
381 – 59 -22 (директордың қабылдау бөлмесі)
Жоғарыда аталған бұйрыққа 1-қосымша негізінде мына құжаттарды ұсыну қажет:
1. осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
2. туу туралы куәліктің көшірмесі;
3. жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;
4. денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген №063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген №026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген));
5. баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi - 2 дана