Конкурс туралы хабарландыру » КГУ "Гимназия №130 им.И.Жансугурова"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 381-59-22
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-89-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ноябрь
2019

Конкурс туралы хабарландыру

Конкурс туралы хабарландыру

Алматы қаласы Білім басқармасының «І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (заңды мекенжайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшам ауданы, 26а үй) оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру

 қызметін көрсетушіні таңдау жөніндегі конкурс жариялайды.

Қызмет Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшам ауданы, 26а үй мекенжайында орналасқан  «І.Жансүгіров атындағы  №130 гимназия» КММ-інде көрсетілуі тиіс.

 «І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ–інде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны - 1776, оның ішінде жекелеген санаттар бойынша -111.

Оқушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет есебінен бөлінген сома көлемі - 3744642,00 теңге (қосымша құн салығынсыз - ҚҚС).

Қызмет көрсету мерзімі каникул уақытын қоса есептегенде – 09.01.2020 ж. мен 31.12.2020 ж. аралығы.

Конкурстық құжаттама талаптарына сай келетін барлық ықтимал қызмет көрсетушілер конкурсқа жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын сағат  18-00-ге дейін 2019 жылғы «18» желтоқсанды қоса алғандағы мерзім ішінде мына мекенжай, яғни Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшам ауданы, 26а үйде орналасқан «І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ директорының қабылдау бөлмесінен сағат 9-00-дан 17-00-ге  дейін және/немесе http://130.alschool.kz/ интернет-ресурсынан алуға болады.

Ықтимал қызмет көрсетушілер конвертке салынған конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді Алматы қаласы Білім басқармасының  "І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша ұсынуы (жолдауы) тиіс: Алматы қаласы,  Тастақ-1 ықшам ауданы, 26а үй, директордың қабылдау бөлмесі, Ханаева Назираға.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі - 2019 жылғы «19» желтоқсан, сағат 10.45-ке дейін.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер мына мекенжайда ашылатын болады: Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшам ауданы, 26а үй, «І.Жансүгіров атындағы  №130 гимназия» КММ,  директордың кабинеті.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: +7(727)381-59-22, +7(727)381-59-00.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: