"Мектепке жол" Республикалық науқаны » КГУ "Гимназия №130 им.И.Жансугурова"
Телефон приемного:
+7(727) 381-59-22
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 265-89-09
Версия
для слабовидящих
» » "Мектепке жол" Республикалық науқаны
26
июль
2022

"Мектепке жол" Республикалық науқаны

Хабарландыру
Алматы қаласының Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы – 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.
Акцияның мақсаты:
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Баршаңызды акцияға белсене атсалысуларыңызды шақырамыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: