Директорлық сенбі - ата-ана үні
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Білім басқармасының 2021 жылғы 08 ақпандағы №03-1/86 хаты және «І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ-нің 2021 жылғы 09 ақпандағы №25 бұйрығы негізінде гимназияда «Директорлық сенбі - ата-ана үні» онлайн-кездесулерін өткізу туралы шешім қабылданды.
Онлайн-кездесулердің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесі және құқық бұзу әрекеттерінің алдын алуға қатысты толғандыратын мәселелер бойынша, сондай-ақ «мектеп-бала-ата-ана» үш тағанының қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдауға қатысты барлық мәселелер бойынша ата-аналарға пәрменді көмек көрсету.
Күтілетін нәтиже: онлайн-кездесулер тәрбие жұмысы деңгейін арттыруға, үйлесімді дамыған, салауатты өмір салтын ұстануға мүдделі әрі өмірлік ұстанымы белсенді бала тұлғасын қалыптастыру процесіне ата-аналарды тартуға септесуі тиіс.