Жазғы демалыс: қауіпсіздік ережелері » КГУ "Гимназия №130 им.И.Жансугурова"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 381-59-22
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-89-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жазғы демалыс: қауіпсіздік ережелері
10
июнь
2021

Жазғы демалыс: қауіпсіздік ережелері

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жаз – балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең. Ал ата-аналар өте мұқият болуы керек, себебі демалыс орындарында түрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан әр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болған жөн. Оны балаларыңызға айтып қойған артық етпейді.


Отбасылардың барлығы ыстық күндері балаларымен бірге суға шомылуға барады. Суға шомылуға барарда мына ережелерді ескерген жөн:

- Балаға сіздің қарауыңызсыз тіпті, үрлемелі дөңгелектер мен матраста болса да суға түсуіне рұқсат бермеңіз;

- Кішкентай баланы суға тек жүзгіш жилетпен немесе жеңдікпен жіберіңіз;

- Балаларға суда тығылатын немесе бір-бірін батыратын ойын ойнауына рұқсат бермеңіз. Оның орнына қуыспақты да, тығылыспақты да жағажайда ойнауларын өтініңіз;

- Салқын тиіп қалмас үшін баланың суда болған уақытын бақылаңыз;

- Күн қатты ысып кетсе, баланың терісі күйіп кетпес үшін арнайы күннен қорғайтын құрал жағып қойыңыз.


Жазда табиғаттағы қауіпсіздік ережесі

Егер отбасыңызбен табиғатқа (орман, саябақ) шықсаңыз, мына ережелерді есте сақтаңыз:

- Мұндай жерлерде әдетте, кене көп болып келеді. Сондықтан балаға жабық шалбар мен жабық аяқ киім кигізген жөн. Шалбар балағын шұлыққа салып қойыңыз;

- Балаға ормандағы таныс емес саңырауқұлақтар мен жидектерді жеуге болмайтындығын түсіндіріңіз. Олар улы болуы мүмкін;

- Сона, ара секілді жәндіктердің шағуын болдырмас үшін олар бар кезде қозғалмай тұру керектігін айтыңыз;

- Мүмкіндік болса, баланы қараусыз қалдырмаған жөн.

Жазғы демалыстағы жалпы қауіпсіздік ережелері

Қауіп тек демалыс орындарында емес, балалар алаңында, жолда немесе қоғамдық орындарда да болады. Сондықтан кей ұсыныстарды ескерген дұрыс:

- Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім кигізу керек;

- Баланың тамақ ішер алдында қол жууды әдетке айналдыруын қадағалаңыз;

- Жаз мезгілінде тамақтан уланып қалу қаупі артатындықтан, жемістер мен көкөністердің балғын болуын қадағалап, жақсылап жуыңыз;

- Баланы бағдаршамнан өтуге үйретіп, автомобиль тигізуі мүмкін қауіп туралы түсіндіріп айтыңыз;

- Балаға ойнау алаңында өзін қалай ұстау керектігін айтыңыз. Соның ішінде, әткеншекке жанынан келу керектігін түсіндіріңіз;

- Баланы жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру керек. Ересек адамсыз от жақпауын өтініп, оның жылдам тарайтындығын айтыңыз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: