Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі » КГУ "Гимназия №130 им.И.Жансугурова"
Телефон приемного:
+7(727) 381-59-22
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 265-89-09
Версия
для слабовидящих
» » Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі
19
март
2021

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі

«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ

Наурыз мерекесі күніне арналыпғ қткізілген іс – шаралар

ЕСЕБІ

Наурыз мейрамын тойлау аясында І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия 4 «А», 4 «Ә» сыныбында Наурыз мерекесіне арналған «Көрісу күні» атты сынып сағаты өткізілді. “Көрісу күні” бұл күні жұрт бір-бірін ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды. “Ұлыстың ұлы күні құтты болсын”, “Ақ мол болсын”, “Ұлыс оң болсын”, “Жаңа жыл құтты болсын!” деп құттықтайды.

Мектепте Наурыз мерескесіне арналған «Наурыз мейрамы» атты көрме ұйымдастырылды.


«Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурыз» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

10 «Ә» сыныбында «Тарихқа тағзым күні» атты Наурызға арналған сыныптан тыс  іс – шара өтті.

Наурыз мерекесіне күнін тойлауға арналған «Шымырлық пен шеберлік сағаты» атты онлайн мерекелік іс – шара өткізілді.  

Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады.

Асық ойнау әсіресе балалар арасында жиі өтеді. Асық ойнау көзге тым қарапайым көрінгенімен бала денсаулығына өте пайдалы. Асық – қойдың асықты жілігінен алынатын сүйек. Баланы ептілікке, шапшаңдыққа, алдына қойған мақсатына жетуге тәрбиелейді.

Әлемдік деңгейде шахматпен терезесі тең тұрған ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ. Аталған логикалық ойын адамның ойлау жүйесінің дамуына айтарлықтай үлес қосады. Тек наурыз мейрамында ғана емес кез келген азамат кемінде ұлттық ойынның бір түрімен тұрақты түрде шұғылдануы керек. Ұлттық ойын ұлттық иммунитетіміздің нығаюының кепіл бола алады. «Шынықсаң шымыр боларсың» дейді дана халқымыз.

7 «А» сыныбында «Игі істер күні» атты сыныпта тыс онлайн мерекелік іс – шара.

7 «Ә» сыныбында «Қазақстың ұлттық тағамдары» атты онлайн мерекелік іс – шара өткізілді.

Өткізілген мерекелік іс-шаралар жас ұрпақ бойында ата – ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, жоғары мәдениеттілік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Іс – шаралар еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.


Директордың тәрбие ісі 

жөніндегі орынбасарлары                                                           Бекбаева А.Е.

                                                                                             Заманхан Р.Қ


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: