Цикл бесед для учащихся 5-7 классов по профилактике правонарушений
2021 жылдың 14 желтоқсан күні 5-7 сынып оқушыларына Әуезов ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторлары, полиция майоры Кадырмуратова Д.К және Жандарбек С.А кездесу өткізді. Кездесу барысында инспекторлар қылмыстық жауапкершілік түрлерімен таныстырып, ұсақ құқық бұзушылық 434 бап, темекі шегу 441 бап бойынша, түнгі уақытта жүру 442 баптың 2 тармағы бойынша айтып кетті. Сонымен қатар LED экран арқылы құқық бұзушылық жайлы бейнематериал көрсетілді. Мектептің ішкі тәртібі, сабаққа кешікпеу туралы, әлеуметтік желілердің зияны, жолдағы қауіпсіздік, әлімжеттік күш көрсету, бопсалау, ұрлық, құқық бұзушылық, оның алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік берді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасқспірімдерді қылмыстық әрекеттерден бойларын аулақ ұстау.