Алматы қаласы Білім басқармасының
«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 381-59-22
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-89-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Отан сүйгіш кәсіпкерлер” қойылымы
14
май
2025

Отан сүйгіш кәсіпкерлер” қойылымы

Балалар театры” жобасы аясында
🇰🇿 “Отан сүйгіш кәсіпкерлер” қойылымы

Мектебімізде “Балалар театры” жобасы аясында 7-сынып оқушыларының қатысуымен “Отан сүйгіш кәсіпкерлер” атты тәрбиелік мәні зор әдеби-сахналық қойылым өтті.

🌟 Қойылым барысында оқушылар Отанын сүйетін, елінің болашағы үшін аянбай еңбек ететін, жасампаз кәсіпкерлер бейнесін сахнада шебер сомдап шықты. Олар патриотизм, адалдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттердің кәсіпкерлікпен тығыз байланысты екенін көрерменге әсерлі жеткізді.

👩‍🏫 Қойылымның жетекшісі — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қойгелдинова Жазира Нұрбекқызы. Ұстаз бен оқушылардың бірлескен еңбегі нәтижесінде сахналық көрініс мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.

👏 Жас өнерпаздарға және жетекші ұстазға алғыс білдіреміз!
Осындай қойылымдар оқушылардың тұлғалық дамуына, сахна мәдениетін қалыптастыруға және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға үлкен үлес қосады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: