Алматы қаласы Білім басқармасының
«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 381-59-22
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-89-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психологиялық тренингтер апталығы
16
май
2025

Психологиялық тренингтер апталығы

Психологиялық тренингтер апталығы
📍 Гимназиямызда педагог-психолог Маханова Жазира Мағауияқызының ұйымдастыруымен әртүрлі сыныптарда оқушылардың эмоционалдық тұрақтылығы мен әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған тәрбиелік-психологиялық тренингтер өткізілді.

🔹 3 “А” сынып оқушыларымен “Ең тату сынып” тақырыбында тренинг жаттығулары жүргізілді.
🎯 Мақсаты: оқушылардың көңіл күйін басқаруға, бірлесе жұмыс істеуге және топпен қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.

🔹 5 “А” сынып оқушыларымен “Бәрі өз қолында” тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
🎯 Мақсаты: топтасып, бірлесе әрекет етуге, бір-бірін қолдап, көмектесуге үйрету.

🔹 6 “А” сыныбында да дәл осы “Бәрі өз қолымызда” атты тренинг өткізілді.
🎯 Мақсаты: ортақ істің табысты болуы – бірігіп әрекет етудің нәтижесі екенін түсіндіру.

🔹 7 “Е” сынып оқушыларымен буллингтің алдын алу мақсатында түсіндірме және тәжірибелік тапсырмалар орындалды.
🎯 Мақсаты: буллингке жол бермеу, бір-бірін құрметтеуге, сыйластықпен қарауға баулу.

🔹 3-4 сынып оқушыларымен “Менің мықты жақтарым” тақырыбында тренинг-сабақ өтті.
🎯 Мақсаты: оқушылардың жеке қабілеттерін анықтап, өз-өзіне сенімділік пен жағымды көзқарас қалыптастыру. Тапсырмалар арқылы олар өздерінің күшті тұстарын тануға және өзгемен тиімді қарым-қатынас орнатуға үйренді.

✨ Бұл іс-шаралар оқушылардың тұлғалық дамуына, өзін-өзі бағалауға, достық қарым-қатынасты қалыптастыруға және өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруге зор ықпал етті.

👏 Психолог ұстазымызға алғысымызды білдіреміз!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: