Алматы қаласы Білім басқармасының
«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 381-59-22
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-89-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Болашақ” дебат клубының ойыны өтті
12
ноябрь
2024

“Болашақ” дебат клубының ойыны өтті


“Болашақ” дебат клубының 
ойыны өтті 
Гимназиямызда “Болашақ” дебат клубы 2021-2022 оқу жылында ашылып, қазіргі таңда жұмыс жасап жатыр. Дебат клубының мақсаты: 
-Рухани, интеллектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін жастар буынының қалыптасуына ықпал ету;
-Оқушылар арасында пікірсайыс бағдарламасының кеңінен таралуына ат салысу;
-Клубтың әр мүшесінің пікірсайыс теориясын жетік меңгеруін және осы бағытта үнемі ізденісте болуына ықпал ету;
-Жинақталған білім мен тәжірибенің тереңдетіліп, келесі лектегі пікірсайысшыларға жеткізілуіне септігін тигізу болып табылады.
Пікірсайыс оқушыларды сөз өнеріне, тұжырымды ойын дәлелдей білуге, өз бетімен білім алуға, ізденуге дағдыландырады. “Болашақ” дебат клубының мүшесі боламын деген оқушыға есігіміз ашық! 

Состоялась игра дебатного клуба «Болашақ».
В нашей школе дебатный клуб «Болашақ”был открыт в учебном году 2021-2022 и в настоящее время продолжает свою работу.
Цели дебатного клуба:
– Способствовать формированию духовно, интеллектуально и нравственно развитого, патриотичного поколения молодежи, осознающего свою гражданскую ответственность перед обществом;
– Способствовать широкому распространению программы дебатов среди учащихся;
– Помогать каждому члену клуба глубоко овладевать теорией дебатов и постоянно стремиться к развитию в этом направлении;
– Способствовать углублению накопленных знаний и опыта, а также передаче их следующему поколению дебатеров.

Дебаты приучают учащихся к искусству слова, умению обосновывать свои мысли, самостоятельному обучению и поиску информации. Двери клуба «Болашақ” всегда открыты для любого ученика, желающего стать его членом!

2024-2025 оқу жылында дебат ойыны: Қазан айының 7 күні “Мектеп парламентінің” Дебат фракциясы ұйымдастыруымен AFP форматында “Жастар және интернет” тақырыбында 9 сынып оқушыларының қатысуымен дебат өткізілді. Ойынға сыныптан екі командадан қатыстып, ойын жоғары деңгейде өтті.

#біртұтас_тәрбие #школьныйпарламент 
#біртұтас_тәрбие_алматы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: