15
декабрь
2025
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні аясында Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ілияс Жансүгіров атындағы №130 гимназия базасында Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
📎 Аталған шараға Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайфеденов Сайран Тапенұлының атынан әскери-патриоттық тәрбие беру жолындағы ерен еңбегі үшін алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар, «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының» директоры Елемесов Бахтияр Асқарұлының атынан бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері мен ұйымдастырушылары марапатталды.
👏 Сіздер – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі, ел ертеңін қалыптастырып отырған рухани көшбасшыларсыздар. Баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасылық бақыт пен шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз!
🇰🇿 Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еңбектеріңіз жемісті болсын!