Алматы қаласы Білім басқармасының
«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 381-59-22
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-89-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қазақ хандығы"
13
декабрь
2023
"Қазақ хандығы"
Тәуелсіздік күніне орай гимназиямызда қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне негізделген қазіргі заманғы "Қазақ хандығы" үстел ойыны өткізілді. Әрбір ойыншының мақсаты – Қазақ руларын өз туының астына қарсыластарынан жылдамырақ біріктіру. Ойынға 2 ден 4-ке дейін қарсыластар қатыса алады. Киіз Үйді Ру Аумағына орналастырып, белгілі мөлшерде рулардың қолдауын бірінші болып алған ойыншы Жеңімпаз болады. Жарайсыңдар!💫💫💫
«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы»
12
декабрь
2023
«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы»
Алматы қаласы бойынша «І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ-де «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты 7”Ә” және 7”Б” сынып оқушылары ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.  Сынып жетекшілері: Сыдыкова Гулназ Куантаевна,  Темирханова Индира Амирбековна
“Су-тіршілік көзі”
11
декабрь
2023
“Су-тіршілік көзі”
Алматы қаласы бойынша «І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ-де “Су-тіршілік көзі” атты  10”Ә” сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді Мақсаты: Судың адам өміріндегі маңызы зор екенін және су - біздің өміріміздегі ең басты нәрсе екенін түсіндіру. Жетекшісі: Алимбеков Ж.Б. #Біртұтас_тәрбие #gcnto_2023
“Жемқорлыққа жол жоқ”
11
декабрь
2023
“Жемқорлыққа жол жоқ”
9 А сыныбында “Жемқорлыққа жол жоқ” атты ашық сабақ өтті  Мақсаты: • Оқушыларға “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. • Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту • Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Мұғалім: Утемисова Р.О. #Біртұтас_тәрбие #gcnto_2023