Алматы қаласы Білім басқармасының
«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 381-59-22
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-89-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » BalaFest – 2025 «Жұлдызды сәт» ✨бағыты бойынша қорытынды:
16
апрель
2025

BalaFest – 2025 «Жұлдызды сәт» ✨бағыты бойынша қорытынды:

BalaFest – 2025
«Жұлдызды сәт» ✨бағыты бойынша қорытынды:

Өнер жолында жарқырап, көрермен жүрегін жаулаған талантты оқушыларымыз тағы да биік белесті бағындырды!

Квартет “Самға” (1–4 сынып) – III орын
Эстрадалық ән жанры бойынша

Дуэт “Балауса” (5–8 сынып) – II орын
Дәстүрлі ән жанры бойынша

Жетекшісі: Сыдыкова Г.К. – шәкірттерінің бойындағы талантты ұштап, үлкен сахнаға жол ашқан жанкешті ұстаз!

Құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен жарқын сәттер тілейміз!💐
———————————————————————-
«Кітап — білім бұлағы» номинациясы📚

Білімге құштар, ізденімпаз оқушымыз BalaFest байқауында ерекше көзге түсіп, III орынға ие болды!

Бұл — оқуға деген сүйіспеншілік пен тынымсыз еңбектің жемісі!

Жетекшісі: Койгельдинова Ж.Н. — шәкіртіне жол көрсеткен, бағыт берген білікті ұстаз.

Шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз жалғаса берсін!💐

⸻—————————————————————
«Жасыл Алматы» номинациясы🌳🌿🪴

Табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталған байқауда оқушыларымыз өз білімін, белсенділігін көрсете білді!

Ғизатқызы А. – 7 сынып
Есенмұрат А., Юсупова Д. – 10 сынып
III орын иеленді!✨

Жетекшісі: Журымбаева Д.А. – оқушыларға бағыт-бағдар беріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үйреткен ұстаз.

Құттықтаймыз! 💐Табиғатты қорғау – әрбіріміздің борышымыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: