Алматы қаласы Білім басқармасының
«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 381-59-22
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-89-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қыздардың жеке гигиенасы
11
апрель
2025

Қыздардың жеке гигиенасы

Қыздардың жеке гигиенасы — денсаулықты сақтау және жақсы көңіл-күй үшін өте маңызды. Бұл жай ғана тазалық емес, сонымен бірге дене мен психологиялық денсаулықты да қамтиды. Қыздар үшін гигиенаның ерекше мәні бар, себебі олардың организмі әртүрлі физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан, дұрыс гигиена ережелерін сақтау денсаулықты нығайтып, түрлі аурулардан сақтануға көмектеседі. Қыздар гигиенасы — денсаулықтың негізі болып табылады. Дұрыс күтім жасау арқылы қыздар өздерінің сыртқы көрінісін және ішкі денсаулығын жақсарта алады. Өз денсаулығына деген жауапкершілік пен оған қамқорлық жасау — әрбір қыздың маңызды міндеті. Жеке гигиенаны сақтау арқылы денсаулықты қорғап, өмірдің сапасын арттыруға болады.

Орталық поликлиника мамандарымен гимназияның медбикесі, ЗОЖ дәрігер Арайлым Адилбековна, психолог  Зере Пернебаевна 9-10сынып оқушыларының қыздарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: