01
апрель
2025
Көктемгі демалыста 8-сынып оқушылары
Көктемгі демалыста 8-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынов музейіне барып, ұлт ұстазының өмірі мен еңбектері туралы көп мағлұмат алды. Олар музей экспонаттарын тамашалап, Ахмет Байтұрсыновтың пайдаланған заттарын, кітаптары мен қолжазбаларын көрді.
Экскурсия барысында оқушылар оның қазақ әліпбиін жасаудағы рөлі, ағартушылық қызметі және тәуелсіздік жолындағы күресі туралы тың ақпараттарға қанықты. Сондай-ақ, олар Байтұрсыновтың өлеңдері мен еңбектерінен үзінділер оқып, алған әсерлерімен бөлісті. Бұл сапар оқушыларға тарихи танымдарын кеңейтіп, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыруға көмектесті.