27
сентябрь
2024
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ», «БЕЗОПАСНОСТЬ РЕБЕНКА – ПРИОРИТЕТ ОБЩЕСТВА»
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПШІЛІК ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Гимназиямызда 2024 жылдың 27 қыркүйек күні мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібі: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.
Гимназия директоры Каскирбаева Алия Хароллиновна қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау үшін жиналғанын айтты. Жақында балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындар мен топтардың саны артты.
Бізді алаңдататын нәрсе – балалар әлеуметтік желілерде түрлі жағымсыз жағдайларға тап болады, кейде тіпті өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Бұл отбасы үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін қайғылы жағдай. Әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс. Біздің бірлескен жұмысымыз өз жемісін береді деген сеніммен, жиналыстың мақсаттарымен таныстырды.
Гимназиямыздың психологтары Каликенова Жулдыз Каирбековна, Рысбаева Ақмарал Абылайқызы қауіптермен таныстырып, мысал келтіріп, қауіптердің алдын алу үшін не істеу керек? - екенін, және шығу жолдарымен таныстырды.
Жиналыста талқыланған негізгі қауіптер:
-интернеттегі қауіптер;
-шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;
-балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар;
-баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар;
-әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар.
Құрметті ата-аналар! Балаңыздың қауіпті әрекеттерге, сайттарға және интернет пен әлеуметтік желіге тәуелділіктің түрлі формаларына қаншалықты тартылғанын анықтау үшін шаралар қабылдауға тырысыңыз.
#біртұтастәрбие