Алматы қаласы Білім басқармасының
«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 381-59-22
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-89-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «SMART BALA» жобасы аясында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты аудандық конкурс
16
февраль
2026

«SMART BALA» жобасы аясында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты аудандық конкурс

2026 жылғы 16 ақпанда Алматы қаласы Әуезов ауданында «SMART BALA» жобасы аясында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты аудандық конкурс ұйымдастырылып өткізілді. Аталған шара І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия базасында өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – білім алушылардың өнертапқыштық, инновациялық және ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды жобалық-зерттеушілік қызметке тарту. Байқауға аудан мектептерінің 5–11 сынып оқушылары қатысып, өздерінің тың идеялары мен заманауи жобаларын ұсынды.
Қатысушылар ​экология және жасыл технологиялар ,тұрмыстық мақсаттағы пайдалы өнертабыстар,​әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар,робототехника және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша бақ сынасты:
1. Экология және жасыл технологиялар бағыты бойынша Ғизатқызы А., Камал А.,
 8А сынып, 2 орын
Жетекшісі Журымбаева Д.А.
2. ​Тұрмыстық мақсаттағы пайдалы өнертабыстар бағыты бойынша Бейханов И., 7б сынып, 3 орын
Жетекшісі Есжанова М.М.
3. Рапп М. , 5Г сынып, 3 орын
Жетекшісі Баймаханов М.А. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ👏

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: